«Үздік автомеханик» облыстық кәсіби шеберлік байқауы

15.04.2022

2022 жылдың 13-14 сәуірі аралығында Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде «Үздік автомеханик» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Конкурстың мақсаты – «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша студенттерге кәсіптік білім берудің сапасын арттыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау, кәсіптік білім беру нысандарын, әдістері мен құралдарын жетілдіру.

Байқауға Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық, Гуманитарлық-техникалық колледждерінің, Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері, сондай-ақ арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Байқау автомобиль көлігінің құрылымын білу бойынша теориялық тапсырманы және жабдықта жұмыс жасау технологиясы бойынша білім мен дағдыны, жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін сақтауды тексеру бойынша практикалық тапсырманы орындаудан тұрды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды:

1 орын – Денис Федоров, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті;

2 орын – Хохлов Данил, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті;

3 орын – Гуманитарлық-техникалық колледж студенті Александр Ващенко.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, ал қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды байқауға сәтті қатысуларымен құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная